Оқушылар «Біркөлікке» аттанды
Түркістан облысы Шардара ауданының 1-10 сынып оқушылары "Біркөлік" демалыс орнына 10 күндік жазғы лагерге аттанды. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан 200 оқушы демалысқа жолдама алды.
Ағымдағы жылы жазғы лагерге дәл осындай әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан бас-аяғы аудандағы 30 мектептен 1000 оқушы барады.
Айта кетсек оқушылардың жазғы демалысы мемлекет қаржысы есебінен төленуде. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөлімінен екі қызметкер бөлініп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалыс орнына дейін аман-есен жеткізу жүктелді.
Оқушыларды жазғы лагерге шығарып салуға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев оқушыларға пайдалы да, сәтті демалыс тілеп, барынша қауіпсіздікті сақтай отырып, үлгілі оқушы болып жүрулерін атап өтті.
Айта кетері, жалпы Түркістан облысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың тәрбиеленіп жатқан балаларды мемелкет есебінен жазғы демалыс лагерлеріне жіберу барлық аудан, қалаларда жүргізіліп жатыр. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Лагерлерде қауіпсіздік талаптарын сақтау қадағалануда.