Тұрғын үй кезегін онлайн қадағалаңыз
Елімізде тұрғын үйге кезектің нөмірін www.egov.kz порталы арқылы қарауға болады. «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті орган жалдаған тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызмет тегін. Және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.
Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясынды қолға алынып отырған аталған қызмет Шымкент қаласының тұрғындары үшін де қолжетімді әрі тиімді болып отыр.Тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау үшін тұтынушыға ЭЦҚ арқылы кезектегі адам ЖСН туралы ақпаратты электронды бетке енгізсе болғаны. Аталған қызметтің электрондық форматқа аударылуы тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орын алатын сыбайлас жемқорлықты азайтуға өз үлесін тигізері сөзсіз дейді мамандар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын оңтайландарып, азаматтарға тұрғын үй кезегін қадағалауды жеңілдетіп отыр. Осылайша шымкенттіктер ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп тұрғын үй кезегін онлайн біліп отыр.
Жалпы қала тұрғындары электронды қызмет түрлерін пайдалануда белсенділік танытып келеді. Мегаполистіктер кейбір қызмет түрлерін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ үйде отырып алуда. Сондай-ақ дәрігерге кезекке алдын-ала жазылып, кезек күтпей уақыт үнемдеуде.