Ақ халаттыларға алғыс хаттар табыс етілді

Oinet.kz 16-06-2021 1155

11.jpg

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай дәрігерлерді қабылдады. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. 

Аудан басшысы елеулі күнді ескеріп, бірқатар медицина қызметкерлеріне:

"Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауданымызда халықтың денсаулығын қорғауда талмай еңбек етіп, алдағы уақытта да өздеріңізге жүктелген аса жауапты да қиын міндетті абыроймен атқарып, елдің алғысы мен ыстық ықыласына, құрметіне бөлене беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ - береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін"-деп алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды.

Мерекелік жиын соңында медицина қызметкерлері айтулы күнді елеп-ескеріп, рухани демеу болған аудан басшысына өз ризашылықтарын білдірді.


Дала өрттеріне дайындық пысықталды
Шардараны шартарапқа танытқан саңлақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу