«Ұл мен қыз – ұлт намысы»
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деп Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқандай, бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге атсалысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Осы ұғым-қағиданы ескере келе, 2021 жылдың 3 маусым күні Түлкібас ауданы прокуратурасы және Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицей базасында «Ұл мен қыз-ұлт намысы» атты дөңгелек үстел өтті.
Атаулы шара салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған. Жиынды модератор Е.Кадырбек жүргізіп отырды. Аталған шараға Түлкібас ауданы прокуратурасының прокуроры Б.Сапарбек; Түлкібас аудандық ювениалдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры А.Байжанисова; Гендерлік саясат әйелдер қауымының төрайымы Г.Ешенқұлова; Диаспора өкілдері (түрік, өзбек, славян): Ж.Абилов, Ж.Анаров, Е.Киреева; Түлкібас ауданы ауруханасының гинеколог - дәрігері А.Күзембаева; Түлкібас ауданы ата-аналар комитетінің төрағасы М.Миразизов; Түлкібас ауданы "Әлеуметтік психологиялық қызмет көрсету бөлімі" меңгерушісі Е.Жалбиев және мектеп басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелде "Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу", "Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушіліктің салдары және отбасындағы тәрбие", "Кәмелетке толмағандарға қатысты және кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылықтар" тақырыптары қозғалып, аталған жағдайлар бойынша орын алған оқиғалардың орын алу себептері талқыланып, пікірлер мен жоспарлар айтылды.
Сонымен қатар аудан прокуратурасының прокуроры Б.Сапарбек аудан аумағында 2020 жылы 16 жасқа дейінгі кәмелет жасына толмағандармен жыныстық қатынысқа түскен 5 азаматтың, 2021 жылдың өткен мерзімінде 3 азаматтың қылмыстық жауапкершілікке тартылғаның, кәмелеттік жасқа толмағандармен қандайда бір жыныстық сипатта әрекеттерге барған азаматтардың қылмыстық жауапкершілікке тарталатындығын ескертті.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары бойынша білім беру ұйымдары, ювениалдық полиция тобы, "Әкелер мектебі", "Әжелер ұйымы", ата-аналар комитеттері жоспарларын бекітті.
Аталған жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижесі қыркүйек айында өтетін дөңгелек үстелде талқыланатын болады.