Игілік басы-ынтымақ

Oinet.kz 03-06-2021 1152

1.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев аудандық өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы Анарметов Бақтияр Қорғанбекұлын қабылдады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сұхбат барысында Бақтияр Анарметов аудан әкіміне өзінің «Мәңгі жарқын тұлғалар» атты авторлық кітабын табыстады. Кітапта Сарыағаш ауданы туралы, осынау берекелі мекенде жасап, өздерінің үлгілі өмірлері, еселі еңбектері арқасында есімдері ел есінде ардақталып, аудан тарихында өшпестей із қалдырған, кезінде канал қазып, шөлге су шығарған, осы заманның мәдени және экономикалық тұрғыдан өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, ел қызметінде жүрген өзбек бауырларымызды жұрт жадында мәңгілік қалдыру үшін шынайы естеліктер жайында жазылған.

Аудан басшысы өз сөзінде «Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан бері татулық, бірлік, келісім сынды құндылықтардың маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Мемлекетіміздің осы жылдар ішінде бағындырған белесі тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасында болса, оның негізі Елбасы айқындаған этносаралық келісім мен бірліктен бастау алады. Қазіргі таңда елімізде әлемде теңдессіз саналатын татулық пен бірліктің, көп этностық қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты»,-деп тілге тиек етті.

«Игілік басы — ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ» демекші, этносаралық мәдени бірлестігінің алдағы уақытта да өңірдегі өзге ұлт өкілдеріне деген игілікті істері көбейе түспек.


Түлкібас ауданында алғашқы рет соя егілді
Сарыағашта «Қауіпсіз жол» шарасы өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу