Түлкібас ауданында алғашқы рет соя егілді

Oinet.kz 22-05-2021 389

Screenshot_5.jpg

Елімізде ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен көңіл бөліп, игі істер атқарылуда. Елбасының жолдауына орай қабылданған мемлекеттік бағдарламалар бойынша шаруалар заманауи тәжірибелерді қолданысқа енгізе бастады.

Табиғат тамаша Түлкібас ауданында алғаш рет сояның әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие жаңа сорты егілді. Тәжірибе оң нәтижесін берсе 2022 жылы бұршақ тұқымдас өсімдік соя дақылын өндірістік көлемін ұлғайтып 500-600 гектар жерге егу жоспарлануда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен арнайы келіп, тәжірибесімен бөліскен «Оңтүстік - Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты» ЖШС-нің атқарушы директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Тастанбекованың қатысуымен Жаскешу ауылдық округінің аумағындағы «Борсықсай» ЖШС-нің 2 гектар суғармалы жеріне ауданда соя дақылын жерсінуін бақылап, зерттеу мақсатында (тәжірибе ретінде) соя дақылын екті.

Өңірде суды үнемдеу, жер құнарын сақтау, арттыру және өнімді көбейту мақсатында бірқатар тың жобалар қолға алынған. Бұршақ тұқымдас соя дақылы әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие. Көптеген мемлекеттер оны ет тағамдарының орнына тұтынады. Жер құнарын арттыруға септігі де көп екен.

Жаңа тәсілді қолданған диқандар мол өнім жинауды жоспарлап отыр.

Карантинде кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі
Игілік басы-ынтымақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу