Карантинде кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі

Oinet.kz 28-05-2021 1021

Screenshot_9.png

Елдегі экономикалық ахуал күрделеніп, карантин жалғасқан уақытта бизнес мемлекет тарпынан айырықша қолдауды қажет етуде.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай режимін жарияланған бірінші күннен бастап пандемияның бизнеске кері әсерін азайту үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін, бұл мақсатқа 300 миллиард теңге бөлінгенін айтып келеді.

Осы ретте бүгін шымкенттік шенеуніктер кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын тыңдады. Қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаевтың қатысуымен өткен кездесуде іскерлердің қолын байлаған күрделі мәселелер талқыланды.

Карантин кезінде шаруасын шатқаяқтатып алған кәсіпкерлер биліктің көмегіне жүгінді. Сонымен қатар, бизнеске бет бұрғысы келетін жастар да жауаптылардан кәсіп бастаудың жөн-жобасын сұрап, кеңес алды. Жаңа жобаларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен танысты.  Салаға жауаптылар індет шарпып карантин күшейген тұста шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер жасалып, тиімді несиелер берілді дейді.  

"Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қосымша тетік қосылды.Шағын және микробизнес өкілдеріне 5 миллионнан 20 млн теңгеге дейін 6 пайыздық несие беріледі. Бағдарламаның ерекшелігі – субсидиялау мен кепілдендірудің қарапайым жүйесінің болуы. Одан бөлек карантин кезінде банктен несие алған жеке кәсіпкерлерге 90 күнге дейін үстемақысын төлеуге уақыт берілген",- дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустириалды-инновациялық даму басқармасының өкілі Үсен Исаев. 


Батыстықтарға биыл су беріледі
Түлкібас ауданында алғашқы рет соя егілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу