Батыстықтарға биыл су беріледі
Шымкенттегі Батыс шағынауданы биылдан қалмай таза ауыз жүйесіне қосылады. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тікелей бақылауындағы бұл мәселе, осы жылы оңтайлы шешімін тауып отыр. Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесіде тартылуда.
Шалғайдағы шағынаудан халқы бүгінде ауладағы құдық суымен күнелтуде. Ол да шамасы жеткендерінде ғана бар. Ал, таза суды тасымалдап ішіп отырғандар жаз жақындаған сайын, сары уайымға салынуда. Өйткені, ыдысқа құйылған судың көпке шыдай қоймайтыны анық. Ал, оны қайта-қайта сатып ішу қалтаны қағып барады, дейді жергілікті тұрғындар.
Қала шетіндегі шағынауданға таза суды тарту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Құрылыс нысаны өтпелі. Дегенмен, өткен жылы мұндағы біраз шаруа атқарылып, ішкі көшелердің қазылған жерлері ретке келтіріліпті. Бүгінде нысандағы 80 пайыз жұмыс атқарылған.
Бұйыртса, батыстықтардың таза суды тұтынатын күндеріде алыс емес. Құрылыс қыркүйекте тәмәмдалады деп күтілуде. Алдағы, айлардың еншісінде құбырларды жуып шаю жұмыстары тұр. Айта кетейік, шалғайдағы шағынауданға таза ауыз сумен қатар көгілдір отын, жарық жүйесі де тартылуда.
Біз Көмешбұлақтан, яғни 25 шақырым жерден су құбырын тартып келеміз. Ол әрине үлкен жұмыс. Күзге дейін батыстықтарға су беріледі",- Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков.
Дәл қазіргі таңда еліміздегі үшінші мегаполистің 14 елдімекеніне таза су тарту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, биыл миллионды қала 98 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ.