Шымкент пен АҚШ-тың байланысы берік

Oinet.kz 28-05-2021 719

Screenshot_7.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Републикасындағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Шара барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық жобадағы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ мәдениет, білім мен бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы әкімдік пен АҚШ-тың дипломатиялық миссиясымен ынтымақтастық мүмкіндіктеріне тоқталды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов АҚШ-пен сауда-экономикалық қарым-қатынасты  дамытуға үлкен мән берілетінін айтты. Және 27 жыл ішінде әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін барлығы 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылғандығын  да атап өтті.

"Шымкент қаласының АҚШ-пен сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар мен наурызда 4,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінде Шымкент-инфрақұрылымы дамыған ірі өндірістік-индустриялық ораталық, арнайы экономикалық аймақ және екі индустриалды аймақ табысты жұмыс істейді. Қала аумағы арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралі өтеді. Біздің басты мақсатымыз-қаланы адам өмірі үшін қолайлы және бизнес жүргізу үшін жайлы мегаполиске айналдыру. Оған жету үшін біз әр түрлі салаларда қалаға инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз",- деді М.Әйтенов.

Шаһар басшысы Берілген  мүмкіндікті пайдалана отырып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған ірі инвестициялық жобаларды қарастыруда ашық және сындарлы диалогқа дайын екендігін айтты. Сонымен бірге терең өңдеу саласына инвестиция салуға шақырды.

АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Шымкент-Қазақстанның жетекші өндірістік-экономикалық орталықтарының бірі екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар, мұнда жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобаларға қызығушылық танытты. Бас консул қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті. Кездесу соңында тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін барлық бағыттар бойынша екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.


Жол сапасын депутаттар да қадағаламақ
Батыстықтарға биыл су беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу