Жол сапасын депутаттар да қадағаламақ

Oinet.kz 28-05-2021 786

Screenshot_6.png

Жолдың сапасын қадағалауға енді халық қалаулылары да кірісе бастады. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарына жол сапасы сараланатын зертхана таныстырылды. Халық қалаулылары жол құрылысына қажетті материалдар мен сапасын тексеретін технологияларға қанықты. Жол сапасына жауаптылар депутаттарға құрылыста кеткен ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді тәптіштеп түсіндірді. Заманауи талапқа сай жасақталған бұл зертханада жолдан алынған сынама бірнеше сатыда тексеріледі. Айта кетейік, былтырғы жылы тиісті тексерулер кезінде құрылысқа салғырт қараған  15 компанияға айыппұл салыныпты. 

«Техникалық қадағалауды күшейтіп отырмыз. Енді депуттармен жұмыс жүргіземіз, тексеруге шығамыз»,- дейді Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов. 

Жауаптылар білікті мамандардың тапшылығынан жол сапасыздығы орын алуда дейді. Дегенмен, бүгінде сапа мәселесіне жол құрылысы қолға алынбай тұрып  ден қойыла бастаған. Бұл өз кезегінде қырауар шығынды алдын алуда дейді жауаптылар.

«Бұрын сапа жол салынып болған соң тексерілді, қопаруға тура келетін, қазір олай емес...»,- дейді ,«Жолы активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының директоры  Мұхтар Дүйсенбеков.

Айта кетейік, Шымкентте бүгінде 168 нысанда 300 шақырымдай  жол құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 248 шақырым пайдалануға беріледі. 13 нысан келесі жылға өтпелі дейді шенеуніктер.


«Әл-Фараби ізімен»
Шымкент пен АҚШ-тың байланысы берік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу