«Әл-Фараби ізімен»
«Әл-Фараби ізімен»! Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде осындай жобаны қолға алды. Аталған жоба арқылы рухани орталық қызметкерлері жұртшылықты Фарабидің туып өскен жерімен таныстыруды. Сонымен қатар ғұлама еңбектерін оқып білуге ынталандыру да жоспарланған. Тұңғыш рет қолға алынған шарада бірінші болып бір топ БАҚ өкілдері Ұлылар мекеніндегі тарихи орындарды аралап қайтты.
Жоба қатысушылары алдымен Отырар ауданының орталығындағы "Руханият -Әбу Насыр әл-Фараби" музейіне аялдады. Мұнда Ұлы ғұлама жайлы мағлұматтар сақталған. Атап айтар болсақ араб елдеріндегі ғалымдардың, қазақстандық Фарабитанушылардың еңбектері мен кітаптары, суреттері сақталған. Сонымен қатар, мұнда Сирия астанасы Дамаскіден әкелінген топырағы мен қүлпытасының бір бөлігі бар.
«Шараға алғаш болдып журналистерді жұмылдыру да бекер емес. Өйткені,ел-жұртқа Әл-Фарабиді, оның еңбектері мен тарихи орындар жайлы ақпарат таратуда БАҚ өкілдерінің еңбегі ерен. Сондықтан «жоба осылай бастау алды»- дейді Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана директоры Дәурен Болыс.
Айтып өтейік шара аясында қатысушылар музейден Отырар төбе қалашығында болып ондағы тарихи дүниелерді тамашалады. Алдағы уақытта жобаға ізденімпаз жастар мен тарихшы, этнографтарды тарту жоспарланған. Себебі, жоба арқылы жастар өз білімдерін арттырады. Ұйымдастырушылар шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады дейді.