Аналарға кәсіп бастауды үйретті

Oinet.kz 28-04-2021 831

Screenshot_19.png

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын. Орталықтың басты мақсаты - аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру.

Осыған сәйкес «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы  қаладағы көпбалалы жəне аз қамтылған отбасыларды тіркеуде заңгерлік, əлеуметтік жəне психологиялық көмек көрсетуден бастап, оларды кəсіпкерлік негіздеріне бағытталған мамандықтар бойынша бизнес жоспар құруға, кәсіп ашуға грант немесе микрокредит алуға, сондай-ақ  жұмысқа орналасуға кезең – кезеңімен бағыт-бағдар беріліп, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Соның бір айғағы жақында аталмыш орталықта қаладағы белгілі кондитер шебері Гүлдана Қансейітованың 8 сағаттық «Новые пироги» шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оған орталыққа тіркелген отбасылардың мүшелері қатысып, бір күнде 12 түрлі тәтті пісіруді үйренді.  Қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді. Келешекте тәтті пісіру өнерін меңгерген әйелдер үйде отырып, табыс табуға мүмкіндік алып отыр. 

Отбасы институтын қолдау орталығы аналарға өз кәсібін бастауға жол көрсетіп, тәлімгер болған Гүлдана шеберге алғыс білдіреді. Алда мұндай шеберлік сабақтары жиі өткізіліп тұрмақ. 


Халықпен кері байланыс нығайып келеді
Баспаналы болғандар көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу