Халықпен кері байланыс нығайып келеді

Oinet.kz 28-04-2021 752

Screenshot_18.png

Шымкенттік тұрғын жол-белгілерінің орнатылуына байланысты алғыс айтты. Әлеуметтік желі қолданушылары Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми парақшасына өздерін мазалаған мәселелер бойынша хабарламалар жолдайды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары келіп түскен жайттың мән-жайын анықтап, жедел іс-әрекетке көшеді. Ал нақты нәтижелер барысы тұрақты түрде ресми парақшаларымызда жарияланып, үнемі халықпен кері байланыс қарқынды жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтардың сенім деңгейін арттыру бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстарға тұрығындар өз алғыстарын білдіруде.

Мәселен, Шымкент қаласы Абай ауданы Тасбұлақ көшесі №475 жер телімінде орналасқан «Дәулет» балабақшасының алдына жасанды жол белгілерін орнату бойынша сауал жолдаған болатын. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік Полиция басқармасының қызметкерлері осыған қатысты тиісті шешім қабылдау мақсатында мекенжайға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған хабарламаның негізінде ҚР Жол жүрісі қағидасына сәйкес Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұйғарым жолданып, жол белгілері қойылды.

Айта кетейік,  Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында қалада мекеме басшыларының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары ашылып, кейбір мекеме басшылары өздерінің жеке байланыс телефондарын жариялау арқылы халықпен жедел кері байланыс орнатуға көңіл бөлуде. Бұл аккаунттардың бәрінен жедел жауап, нақты шешім қабылданып, халықпен қарым-қатынас саласында айтарлықтай жүйелі түрде алға жылжудың бар екенін айту керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы аясында билік өкілдерінің халықпен кездесулері артып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау үрдісі жетілдірілуде.


Биыл 3 мыңға жуық жол белгісі қойылады
Аналарға кәсіп бастауды үйретті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу