Биыл 3 мыңға жуық жол белгісі қойылады

Oinet.kz 28-04-2021 852

Screenshot_12.png

Шымкент қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасын ету бағдарламасы аясында жол қозғалысын реттеу мақсатында жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Соның нәтижесінде шаһарда жол-көлік апаттарының саны төмендеп отыр. 

Сала мамандарының мәліметінше биыл қалада 600 метр болатын жасанды жол кедергілері, 2 600 дана жол белгісі, 15 дана белсенді жаяу жүргіншілер өткелі, 16 бағдаршам, 250 аялдама орнатылып, 215 шақырымға жол таңбасы сызылады. 

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының айтуынша жыл басынан бүгінгі күнге дейін олардың біршамасы жүзеге асырылған. Атап айтқанда, 850 жол белгісі, 100 метрге жасанды жол кедергісі орнатылған. Сонымен бірге 45 шақырым жолға жол таңбалары сызылған. Үш белсенді жаяу жүргіншілер өткелі қойылған. 

Осы жылдың ақпан айында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қала көшелеріне зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде автомобиль жолдары саласында 168 нысанды, яғни, 295,3 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстарының схемасы дайындалды. Яғни, 2021 жылы автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 63,6 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Одан бөлек, жол кептелісін азайту мақсатында Сыпырған ата - Әл-Фараби, Сыпырған ата -Темірлан тас жолы, Рысқұлов - Адырбеков, Арғынбеков – Өтегенов, Рысқұлов – Шаяхметов, Шаяхметов – Арғынбеков, Рысқұлов-Қазиев, Арғынбеков – Бәйтереков қиылыстарына оң жақ өткелдер ұйымдастырылады дейді мамандар. 


Венгриялық инвесторлар Шымкентте бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ
Халықпен кері байланыс нығайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу