Түркістан облысында партия ұйымдары елге есеп береді

Oinet.kz 16-04-2021 399

есеп.jpg

Бүгін Түркістанда  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.  Оның біріншісі – бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары және аймақтық, аумақтық партия филиалдарының есеп беру-сайлау конференцияларын өткізу кестелерін бекіту. Екінші мәселе бойынша Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын, ережелерін бекітудің жай-жапсары сарапталды.  Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLI есеп беру-сайлау конференциясын шақыру мәселесі талқыланды.

Бюро мүшелері аталған жоспарларды бекітіп, қаулы қабылданды. Осыған сәйкес, 19-23 сәуір аралығында бастауыш партия ұйымдарының кезекті есеп беру-сайлау жиналыстары, 26-30 сәуір аралығында партияның аумақтық филиалдарында кезекті есеп беру-сайлау конференциялары онлайн режимде өтетін болды.

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев өңірде партияның Жол картасы бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып жатқанын, сайлауалды бағдарламаны орындау партия бақылауында екенін жеткізді.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысын дамыту бағытындағы жұмыс қарқының бәсеңдетпеуді тапсырып, мәжілісті қортындылады.


Төрт елдің ғалымдары Түркістанның 3000 жылдық тарихын растады
12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны орындауға көмектеседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу