Төрт елдің ғалымдары Түркістанның 3000 жылдық тарихын растады
Бұған дейін хабарланғандай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ірі ғалымдар, археологтармен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өткізген болатын. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамаонв қатысқан жиында Түркістан қаласына 3000 жыл екендігі жарияланған.
Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі және Әлкей Марғұлан атындағы археология институттың бас директоры Бауыржан Байтанаев: «Түркістан ежелгі және ұлы қала, сондықтан ол қасиетті өлке. Бұл ерекше қаланың тарихы өте ежелде, көптеген ғасырлар бұрын басталған. 1990-2000 жылдары біз Түркістанның 1500 жылдығын атап өттік. Бірақ содан бері көп уақыт өтті. Біз бұл датаны атап өткен кездегі мәліметтер кеңестік және кеңес дәуірі болған, содан кейін Қазақстанның тәуелсіздігінің барлық жылдарында жүргізілген іргелі зерттеулер болған жоқ, ең қызықты Ежелгі Түркістанның урбанизациясының өзіндік терең тарихы бар. Демек, біздің дәуірімізге дейінгі 15 ғасырда тайпалар осы территорияда өмір сүрген. Түркістан аумағындағы археологиялық кешендерді зерттей отырып, біз екі ежелгі қорымдарды ашамыз. Мұнда табылған жерлемелер мен атрибуттар біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырға жататыны сөзсіз. Бұл жәдігерлер мұнда өмір сүрген тайпалар мәйіттерді осында жерлегенін және осы қаланың аумағында өмір сүргенін көрсетеді», - деген еді.
Айтылған дерек дәлелденіп, Түркістан қаласы аумағында табылған тарихи жәдігерлердің қола дәуіріне жататынын растайтын тұжырымдамаға Америка, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары қол қойды.
Бұл тұжырымдама ЮНЕСКО-ның Парижде орналасқан бас кеңсесіне жіберіледі. Қазірде тұжырымдама бойынша, Түркістан қаласының тарихы осыдан 3000 жыл бұрын басталғаны туралы декларацияға құжаттар әзірленуде. ЮНЕСКО Комитеті мүшелері тарапынан құжаттар мақұлданған бойда, індет аяқталса Түркістанның үш мыңжылдығы аталып өтіледі деп жоспарлануда.