12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны орындауға көмектеседі

Oinet.kz 16-04-2021 393

хокм.jpg

Түркістан облысының әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар күшейетінін айтты. Осыған байланысты партия филиалы жанындағы Коғамдық кеңестердің саны артып, құрамына өңірге беделді азаматтар енгізілгенін жеткізді.

– «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылып отыр. Олардың құрамына өңірге, республикаға танымал, іскер, отаншыл 128 азамат енгізіліп отыр. Жаңадан құрылған қоғамдық кеңестер облыс бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалап, өзекті мәселелердің мерзімінде шешілуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз, – деді Өмірзақ Естайұлы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісінде.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партия алдында елге берген уәделерді орындап, сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндет екеніне тоқталды.

бсен.jpg

– Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер идеялар мен пікірлер тоғысатын, өзекті мәселелер көтерілетін алаңға айнала білді. Бағдарламалар мен жоспарлардың сапалы орындалуын бақылап, керек кезінде атқарушы органдарға маңызды ұсыныстарын бере білетін мұндай кеңестер азаматтық қоғамды дамытуға да ықпалын тигізіп келеді, – деген ол облыстық филиал жанындағы қоғамдық кеңес төрағаларымен таныстырды.

Қоғамдық кеңестер облыстық мәслихаттың депутаттары, партиялық кадрлық резевте тұрған кандидаттар, қоғам және партия белсенділері, зиялы қауым, қоғамдық пікір көшбасшылары, табиғат жанашырлары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ, білім, медицина және өзге де сала өкілдерінен құралған.

Түркістан облысы бойынша партия филиалдары жанынан 146 қоғамдық кеңес құрылған. Оның 12-сі облыстық партия филиалы жанынан құрылса, қалған 134-і аумақтық филиалдарда жұмыс істейді.  


Түркістан облысында партия ұйымдары елге есеп береді
Шөкеев түркітілдес елдерге ортақ шараларды Түркістанда өткізуге шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу