Шалғайдағы елдімекендер интернетпен қамтылуда
Шымкенттің шалғайдағы шағынаудандарына сапалы интернет көзі жеткізілуде. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл жобаға, екі бірдей инвестор тартылыпты. Халық сұранысы арқылы жұмыс жасап жатқан компаниялар Тассай, Таскен, Достық елдімекендерін сапалы, әрі қолжетімді интернет көзіне қосуда.
Айзада Акатованың Тассай тұрғын алабында тұрып жатқанына 5 жылға жуықтапты. Интернет кәсіппен айналысатын келіншек осында көшіп келгелі бері жұмысымнан қол үзіп, тұрақты тұтынушыларымды жоғалттым, дейді. Әсіресе, онлайн оқу кезінде қатты қиналғандарын айтады. Көшелеріне кең жолақты интернет кіре бастағанда, алғашқылардың бірі болып қостырғанда өзі екен.
Жоғарғы жылдамдықта жұмыс жасайтын кең жолақты интернет расыменде, бәрі онлайн болған заманда ауадай қажет-ақ. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша іске асып жатқан жоба аясында тартылған инвесторлардың бірі, бұл салада 14 жылдық тәжірибесі бар «Digital elements» компаниясы.
Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының бас маманы Шынболат Әбидің айтуынша әзірге, Тассай тұрғын алабы бойынша 200-ге жуық үйден өтініш келіп түсіпті. Келешекте кең жолақты интернетті қостырамын деушілерге де қосымша жүйелер қарастырылған екен. Көбінде тұрғындар қаржылық жағдайларының көтермеуіне байланысты сапалы интернетке қол жеткізе алмауда дейді, серіктестік өкілі. Алайда, бұл тығырықтан екінші деңгейлі банк арқылы шығудың жолы ұсынылып отыр.
Шалғайдағы шағынауданарға тартылып жатқан желілік сымдар қалалық әкімшіліктің қарамағындағы бағаналар арқылы жүргізілуде. Кең жолақтың жаршылары, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қолдан келген көмектерінде аянып қалмауда. Оларға сапалы интернетті тегін қосып берумен қатар, жыл бойында кепілдік мерзімдерінде ұмыт қалдырмауда.