Түркістанда баспаналы болудың мүмкіндігі мол

Oinet.kz 14-04-2021 372

уи.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласында тұрғын үй сату орталығы ашылған болатын. «Тұрғын үй сату бойынша қызмет» орталығы деп аталатын мекеме жыл басынан бері қызметін бастап, облыс орталығында қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі күні орталық «Bank RBK-мен» толықты. Бұған дейін азаматтар «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы, екінші деңгейлі банктер: «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы, «Сбер банкі» акционерлік қоғамы арқылы тұрғын үй алу жолдарының ақпаратын алған болатын.

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында құрылысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлер (1,2 және 3 бөлмелі) 2021 жылдың наурыз айынан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы «Отбасы банк» АҚ, «7-20-25» бағдарламасымен ұзақ мерзімге несиеге берілуде.

Түркістан қаласы әкімдігі «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, қазірде аталған орталықта алғашқы тоқсанда көпқабатты 16 үй, екінші тоқсанда көпқабатты 27 үй, үшінші тоқсанда көпқабатты 22 үй, төртінші тоқсанда көпқабатты 17 үй беріледі деп жоспарлануда. Бәрін қосқанда биыл көпқабатты 82 тұрғын үй иелерінің игілігіне беріледі.


Түркістандағы «Гүлдер саябағы» туристердің сүйікті мекеніне айналады
Шалғайдағы елдімекендер интернетпен қамтылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу