Түркістандағы «Гүлдер саябағы» туристердің сүйікті мекеніне айналады
Түркістан қаласы «Гүлдер саябағы» алаңында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылдың қаңтарында құрылысы басталған саябақтың жоспар бойынша жалпы аумағы – 2,07 гектар. Оның 0,7 гектары саябақты қамту аумағы болса, 2 гектарында жасыл белдеу көлемі жүзеге асырылады.
Құрылыс жұмыстары басталғалы қазірде нысанның 3500 шаршы метр жеріне тротуар, 12 мың шаршы метріне газон төселген. 40 дана сәндік саябақ жарықтандыру шамдары мен 12 дана «Музыкант» декоративті жарықшамдар орнатылды.
Жоспар бойынша саябақ аумағына тағы 1 субұрқақ, 20 дана орындық пен 20 дана қоқыс жәшігі орнатылды.
Сонымен қатар, қаланың жарықтандыру мен автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, қала ішінде 10 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 200 шақырымды құрайтын 140 көше жарықтандырылды. Бұнымен қоса орташа жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) 100 шақырымға, яғни 81 көшеге жүргізіліп, аяқ жолдар салынды.
Түркістанның Бас жоспарына сәйкес, асфальт төселмеген көшелерге сарқынды су мен газ құбырларын тарту, шағал тас төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу да көзделген. Инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланың барлық негізгі көшелерін жарықтандыру жүйесімен қамту көзделуде.