Жемқорлықтың алдын алмаған басшыға айыппұл салынады

Oinet.kz 08-04-2021 528

сбж.jpg

Жемқорлықтың алдын алмаса, бұрын жемқорлық жазасымен жауапкершілікке тартылған адамды жұмысқа алса, мемлекеттік орган басшысына айыппұл саалынады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Қошқалиев, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, облыс әкімінің орынбасарлары және басқарма басшылары қатысты.

Жиында облыстық басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылдықтар жайында айтылды. 

Түркістан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Ондағы іс-шаралар негізінен сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жоюға және алдын-алу жұмыстарына бағытталған.

жылкышиева.jpg

– Негізгі мақсатымыз – 5 сәуірінен бастап күшіне енген әкімшілік заңнамадағы түзетулерді түсіндіру. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік органның басшысы жемқорлыққа байланысты алдын алу шарасын қабылдабаса, айыппұл салынады. Немесе мемлекеттік орган, квазимемлекеттік орган басшылары жемқорлықтан бұрын жазасы бар азаматтарды жұмысқа алса,  оған да айыппұл салынады. Заңсыз кәсіпкерлікке араласу және жеке немесе заңды тұлғалар сыйақы беретін болса, ол жерде де айыппұл салынады. Осындай 15 бап бойынша уәкілеттілік берді. Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты бірнеше тетіктер бар. Талдау, мониторинг жүргізу керек. Ұсыныс беру керек, – деді Жазира Жақсылыққызы.


Түркістан дәрігерлері үшемді де, анасын да аман алып қалды
Түркістан жемқорлық деңгейі төмен облыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу