Түркістан жемқорлық деңгейі төмен облыс

Oinet.kz 08-04-2021 360

сбж1.jpg

Түркістан облысы республика көлемінде жемқорлық деңгейі төмен өңірлердің алғашқы бестігінде енді. Оған себеп, өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 33,7 пайызға азайған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өзі төрағалық еткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтты.

«Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасы аясында Түркістан облысында 1352 мемлекеттік мекеменің барлығы 100 % - ға өз бюджеттерін жариялады. Облыс көлеміндегі барлық аудан, қалалар мен басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 280 ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын жүзеге асыру бір терезе қағидаты арқылы азаматтардың мәселелерін кедергісіз шешу мақсатында, облыстағы 13 аудан мен 3 қаланың бәрінде сервистік әкімдіктер ашылып, сервистік форматқа көшу мәселесі облысымыздың аудан, қала әкімдіктерімен жүз пайыз қамтылды. Сервистік әкімдіктерде тұрғын үй кезегі, ауыл шаруашылығы техникаларына көрсетілетін қызметтер, мекенжай тіркелімі, жер қатынастары, әлеуметтік  және кәсіпкерлікті қолдау салалары бойынша қызметтер көрсетілуде. Бұдан бөлек, бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала, аудандарда халық саны ең көп 1 (бір) ауылдық округтен «Сервистік әкімдік» ашу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Еститін мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс орталығы Түркістан қаласынан екінші Фронт-офис, «Парасаттылық орталығы» ашылды. Бұдан бөлек, Түркістан облысында мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін көздейтін алаң құру мақсатында «Басқармалар үйінен» «Ашық әкімдік» құрылды. Сондай-ақ, халыққа кедергісіз қолайлы ортаны қалыптастыру және мемлекеттік қызметті көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында Түркістан облысы аумағында 67 мемлекеттік мекеме «Ореn space», 84 мемлекеттік мекеме фронт кеңсе үлгісінде жұмыс жасауда. Жоба мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға айтарлықтай серпін берді.  Халықаралық стандарт бойынша ол кемінде 90 пайызға жетуі қажет болса, Түркістан облысында цифрландыру 93 пайызға жетіп, осы саладағы тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендетуге тигізді.

сбщ.jpg

Өмірзақ Естайұлы жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясындағы басым бағыттарға тоқталды. Өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстардың маңыздылығына мән берді.

– Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесінде негізгі назар аударып жатыр. Оның ішінде нормативтік құжаттарды тексеру, алдын ала.  Жалпы нәтижесі бар.  Барлық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейі 12 айдың қорытындысы бойынша, алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,7 пайызға азайып отыр.  Мұның өзі жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сондықтан осылай жұмысты жалғастыра беру керек. Ең бірінші профилактика,  превенция – алдын алу мәселесі,  түсіндіру жұмысы. Соған көбірек көңіл бөліну керек деп ойлаймын, – деді облыс әкімі.


Жемқорлықтың алдын алмаған басшыға айыппұл салынады
Түркістан облысында ковидке қарсы вакциналанған қатары артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу