Бес жылда 170 миллионнан астам көшет егіледі

Oinet.kz 07-04-2021 408

кайн.jpg

2021-2025 жылдар аралығында облыстың мемлекеттік орман қорына 170 миллионнан астам, ал өңірдің қалалары мен елді мекендерінде 1 млн-нан астам әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуалиев мәлімдеді. Түркістан облысында экологиялық мәселелерді шешу тақырыбы қамтылған баспасөз мәслихатында көгалдандыру және газдандыру жұмыстары баяндалды.

– Республикалық мемлекеттік орман қоры жерлері 26 млн гектар болса, облыстағы орман қорының жалпы көлемі 3 млн 436 мың гектарды қамтиды. ҚР Президенті өз Жолдауында Республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту 5 жылда мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд-тан астам және еліміздің қалалары мен елді мекендерінде 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма берілген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес, ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп облыс әкімдігі кешенді және аймақтық жоспарлар қабылдады,деді басқарма басшысы.

Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Уалихан Қайназаровтың айтуынша, өңірде 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленген. Облыс аумағында тұрғындар санының артуына байланысты, тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі де артып келеді. Былтырғы жылдың қорытындысымен жалпы 122 мың 771 тонна қалдық жинақталып, оның 16 мыңға жуығы қайта өңдеуге бағытталған. Сондай-ақ, 2020 жылы 1 полигонның, биыл тағы 5 полигонға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барлық 11 кезеңі аяқталып, тапсырылған. Нәтижесінде 52 037 абоненттің 25 500 абоненті газға қосылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 843 елді мекеннің 802 елді мекенін (95 %) немесе 1,9 млн тұрғынды газдандыру жоспарлануда.


Түркістанда сакура гүлдеді
Түркістанда туристер қазба жұмыстарын жүргізе алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу