Түркістанда сакура гүлдеді

Oinet.kz 07-04-2021 456

сакура.jpg

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда Ясауи кесенесінің аумағындағы ботаникалық бақта сакура ағашы бүршік жарды. Ислам бағы негізінде салынған ерекше саябақта 200 түп сакура ағашымен қатар, жалпы әлемде сирек кездесетін мыңға жуық ағаш егілген. 7,7 гектар жерді алып жатқан демалыс аймағында жақын күндері мыңдаған қызғылт, күлгін, ақ түске боялған шие ағашының гүлдеуі күтілуде.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы тоқтаусыз жүріп жатқан құрылыс, жөндеу жұмыстарын пысықтау үшін шаһардағы құрылыс алаңдарында болды. Ботаникалық бақта Германиядан арнайы әкелінген ағаш пен гүлдердің 50-ден астам түрі отырғызылған. Олардың ішінде сәндік жеміс ағаштары мен күлгін түсті күл ағашы, катальпа ағашы, долана, каштан, терек, тұт ағашы, үйеңкі, раушан гүлі мен қызғалдақтың сан алуан түрлері бар. Демалыс аумағы биіктігі 1 метрден аспайтын мыңға жуық ерекше дизайнды жарықшамдармен жарықтандырылған. 350 арнайы шамдар жол үстіне орналастырылған. Декоративті су арналары мен субұрқақтар салынған.

Қаладағы жаңа саябақтар мен демалыс орындарын аралаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылыс пен жөндеу  жұмыстарын 10 күннің ішінде толық аяқтауды міндеттеді. 6 га жерде орналасқан «Рәміздер алаңында» көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнда 2 мың көшет отырғызылып, газон төселеді. Субұрқақтар мен арнайы демалыс орындары мен балалар алаңшалары ашылады.

Облыс әкімі қаладағы мәдени-рухани орталықтағы құрылысы аяқталған жаңа ғимараттардың аумағына жолаяқтардың төселуі тым ұзаққа созылғанын қатаң сынға алды. Мойнына алған міндетті созбалаңға салған фирма өкілдеріне сылтау іздемей, тапсырысты дер кезінде орындауды тапсырды


Қауымдастықтың миссиясы – кіші кәсіпкерлерді қолдау
Бес жылда 170 миллионнан астам көшет егіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу