Түркітілдес елдердің креативті индустриясы қауымдастығы құрылды

Oinet.kz 07-04-2021 476

мырзалиев.jpg

Түркістанда түркітілдес елдердің креативті индустриясы қауымдастығы құрылды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 31 наурыздағы бейресми саммитінде Түркістан қаласы мәдениеттің, экономиканың діңгегіне айналуы керектігін айтқан болатын. Өңір басшысының орынбасарының айтуынша, Түркістан қаласында креативті индустрия қауымдастығы соның негізінде құрылды. Ұйымның мақсаты – түркі халықтарына ортақ бизнес алаң қалыптастыру, жоғары зияткерлік және инновациялық салаларды қолдау, жастар арасында шығармашылық қуатты ояту.

– Түркістан ғасырлар бойы Орта Азия мен бүкіл түркі әлеміне мәдени орталық болып келді. Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие болу, сондай-ақ тарихи құндылығын ескере отырып, қала бірегей креативті кластерді дамытуда жоғары әлеуетке ие. Бұл Түркістанды жаһандық инновациялық мәдени орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта біз түркі халықтарына ортақ Креативті индустрия қауымдастығын құрып отырмыз. Аталған саланы дамыту арқылы алпауыт елдер экономикасын ілгерілетіп отыр. Біздің ойымызша, креативті экономиканы дамыту – бүкіл өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жасалатын маңызды қадам, – деді Мейіржан Иябайұлы.

Сондай-ақ, брифингке онлайн форматта қатысқан «FUTURK» Түркі тілдес елдерінің креативті индустрия қауымдастығының төрайымы Эльмира Сәрсеналиева мен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков қатысты.


Түркістанда жолаушылар тасымалдайтын көліктер 10 жаңа автобуспен толықты
Қауымдастықтың миссиясы – кіші кәсіпкерлерді қолдау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу