Түркістанда жолаушылар тасымалдайтын көліктер 10 жаңа автобуспен толықты

Oinet.kz 06-04-2021 512

автобус.jpg

Бүгіннен бастап Түркістан қаласына тағы да жаңадан SAZ LЕ-60 маркалы 10 автобус  әкелінді. Жалпы, Түркістан қаласына алдағы екі ай көлемінде тағы 20 автобус келеді деп күтілуде.  Бүгінде қоғамдық көлік бағыттары қою жоспарланып отыр.

Жаңа автобустар №18 бағыттағы «Тұран ауылы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан автовокзалы» автобус бағыты қаланың Тұран ауылы тұсынан бастау алып жаңа Түркістан автовокзалы аралығында (Қазыбек би көшесі, Бекзат Саттарханов даңғылы арқылы) қатынайтын болады. Жалпы облыс орталығының тұрғындары мен Түркістан қаласының қонақтары қоғамдық көліктің кешігуі, жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да жайттар орын алса, 109 байланыс нөміріне хабарласуына болады.  

Айта кетейік, жақында дәл осындай үлгіде 20 автобус әкелінген болатын. Сыйымдылығы 25 адамды тасымалдауға лайықталған жолаушылар көліктері көрші Өзбекстан мемлекетінен жеткізілуде. Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның Самарқанд қаласында автобустар шығаратын зауыт пен Түркістан облысы әкімдігі арасында әріптестік ынмақтастық меморандумына қол қойылған болатын. Сол келісім бойынша, Түркістан қаласына әкелінген автобустардың желдеткіші пен қоларбаға арналған пандусы бар, талаптарға сай жабдықталады. Сонымен қатар, Түркістанда қатнайтын автобустар электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылысымен жасақталған.


Түркістан облысында азық-түлікті қымбаттатқандар жазаланады
Түркітілдес елдердің креативті индустриясы қауымдастығы құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу