Түркістан облысында азық-түлікті қымбаттатқандар жазаланады

Oinet.kz 06-04-2021 389

мм.jpg

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен өткен жиында «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз өсірмеу» мәселесі қаралды. Онда облыс әкімдігі мен ірі тауар өндірушілермен: «Яссы құс», «Асан-ата», «Береке» ЖШС-мен меморандумға қол қойды. Оған сәйкес тауар өндірушілер облыстың ішкі нарығындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпау жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

 Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктері мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастырумен мереке және демалыс күндері халыққа тиімді бағада жәрмеңке өткізілуде. Бұдан бөлек, Түркістан қаласының аумағында орналасқан 13 әлеуметтік дүкен мен 5 ірі супермаркетте ұн, қант, картоп, сәбіз, пияз, күріш, макарон, тұз арзандатылған бағамен сатылуда.

 2021 жылға егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамдық егіс құрылымына сәйкес, кеш пісетін картоп – 7,1 мың га, қырыққабат – 2,9 мың га, пияз – 2,0 мың га және сәбіз – 1,5 мың га егу жоспарланып отыр. Өндірілген өнім көлемі өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыру үшін сатып алынады.

Ал, облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мәлімдеуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын негізсіз өсірген бірқатар тауар өндірушілерге нұсқамалар таратылды. Нұсқама орындалмаған жағдайда, қолданыстағы заң шеңберінде тергеп-тексеру жұмыстары басталатынын баяндады.


Апта сайын азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады
Түркістанда жолаушылар тасымалдайтын көліктер 10 жаңа автобуспен толықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу