Түркістанда жарты сағатта 400-ден астам кәсіпкер 5 млн теңгеден алды

Oinet.kz 05-04-2021 439

шт.jpg

Түркістан облысында 400-ден астам кәсіпкер ақпан айында бастау алған кепіл затсыз жарты сағатта 5 миллион теңге несие алу жобасы бойынша өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды.

 Бұрын-соңды болмаған жарты сағатта екі жылға 5 миллион теңге несие алу жобасы бойынша бастамаға сәйкес кредитті рәсімдеуге жеке куәлік пен кәсіпкер екенін растайтын құжат жеткілікті. Өңір басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жоспары ортаға салын отырыста кәсіпкерлерді қолдауды қарқынды жүргізуді одан әрі жандандыруды тапсырды.

Облыс басшылығымен бекітілген жоспарға сәйкес, қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Түркістан облысына жергілікті қамту үлесі бойынша бекітілген индикаторлардың «KPI» салаларында айтарлықтай нәтиже бар. «Қарапайым заттар экономикасы» саласындағы жергілікті қамту үлесі 60,15 пайызды құрады. «Қарапайым заттар экономикасы» саласындағы жергілікті қамту үлесінің сегіз саласы бойынша жоспарларының жалпы сомасы 10,3 млрд. теңгені құрайды, оның 1,12 млрд. теңгесі игерілді. Жиһаз шығару, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы, құрылыс материалдары, фармацевтика, целлюлоза-кағаз, химия өнеркәсібі салысындағы үлесі республика бойынша Түркістан облысы екінші орыннан көрініп, жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді.


Шөкеев бақылаған "Тұран" "Қайсармен" ұпай бөлісті
Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасында» көш бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу