Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасында» көш бастады

Oinet.kz 05-04-2021 398

экон.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыруда Түркістан облысын елімізде көш бастады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды.

Бағдарлама бойынша 45,2 млрд. теңгеге 310 жоба мақұлданып, өткен жылы пандемияға қарамастан мақұлданған жобалар саны 2 есеге артты. Сонымен қатар, 141 мыңға жуық кәсіпкері бар Түркістан облысы шағын және орта бизнес үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан өңір көрсеткішімен шағын және орта бизнес саны бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін 3 орында келеді. Қарапайым заттар экономикасы арқылы қолдау алған жобалар экономиканың түрлі салаларын қамтиды.

Бағдарламаны барынша қолжетімді ету мақсатында бизнес өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізілуде. Соның нәтижесінде жүзден аса потенциалды жобалар анықталып, оларды қаржыландыру бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүруде. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі 554 млрд. теңгені құрап, жыл қорытындысымен 16 пайызға артқан. Осы пайыздық көрсеткішпен Түркістан облысы республика бойынша екінші орыннан көрініп, көшбасшылар қатарындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді.

400-ден астам кәсіпкері ақпан айында бастау алған кепіл затсыз жарты сағатта 5 миллион теңге несие алу жобасы бойынша өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған Түркістан облысының әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды жүктеді. Тиісті басшыларға «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуда кәсіпкерлерді қолдауды қарқынды жүргізуді тапсырды. 


Түркістанда жарты сағатта 400-ден астам кәсіпкер 5 млн теңгеден алды
«Ауыл – ел бесігінің» шарапатын 1 млн 300 мың адам көреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу