Шөкеев бақылаған "Тұран" "Қайсармен" ұпай бөлісті

Oinet.kz 05-04-2021 392

туран.jpg

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының ІІІ тур ойындары аясында Түркістан облысының «Тұран» командасы өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдады. Ойын барысын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев стадион трибунасынан бақылап отырды.

"Тұран" ФК карантиннің барлық талаптарын сақтай отырып, "Turkistan Arena" стадионының трибуналарын 30 пайызға толтыруға рұқсат алды.

Тұрандықтар алаң қожайындары ретінде есеп ашуға тырысқанымен, қарсыластарының осал тұсын таба алмады. Бас бапкер Абдухалық Бөрібаев алаңға тыңнан ойыншыларды шығару арқылы команданың шабуылы күшейе түсті. «Тұран» командасының шабуыл шегінде ойнаған Нкоби Чисом Стэнлидің орнына Темірлан Амиров алаңға шығып, кескілескен ойынның 90-шы минутында есеп ашты.

Ойынның бітіуіне санаулы минуттар қалғанда «Қайсар» командасы қайсарлығын көрсетіп, есепті теңестіріп кетті. Матчтың 93-ші минутында «Қайсар» құрамасының ойыншысы Арман Кеңесов қақпаға соққы бағыттап, Андрей Пасеченко қорғаған қақпадан саңылау тауып кетті. Қорытынды есеп 1:1 болды.

Осылайша екі команда ойынды тең нәтижемен аяқтап, ұпайларын бөлісті. «Тұран» командасы ІІІ турдан кейін 2 ұпаймен, турнир кестесінің 9-шы сатысына жайғасты. «Тұран» командасы сырт алаңда 10-шы сәуір күні, Алматының «Қайрат» командасымен кездесетін болады.


Түркістанның жасы үш мың жыл!
Түркістанда жарты сағатта 400-ден астам кәсіпкер 5 млн теңгеден алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу