Түркістан облысының бас санитары вакциналануға шақырды

Oinet.kz 02-04-2021 384

нышанов.jpg

Түркістан облысында 13 мыңға жуық тұрғын өз еркімен коронавирсуқа қарсы екпенің алғашқы компонентін салдырды. Сәуір айында вакцинаның тағы өңірге 10700 дозасы келеді деп күтілуде. Дегенмен соңғы екі аптада короновирус 36 пайызға , пневмония 54 пайызға өскен. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі Түркістан облысының санитарлық эпидемиологиялық бақылау деппартаментінің басшысы Нұрбек Нышанов хабарлады.

Спикерлің айтуынша, Түрікстан облысында жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның расталған 818 жағдайы тіркелді. Жалпы облыста Covid-19 коронавирусты инфекциядан 4493 жағдай расталып, жыл басынан бері 625 пневмония аурушаңдығы тіркелген. Дегенмен, өңір әзірге эпидемиологиялық жағдай көрсеткіші бойынша жасыл аймақтар тізімінде тұр.

– Өзге облыстардағы жағдайдың күрделенуіне байланысты КВИ және пневмония жұқпалы ауруларына шалдығудан барынша сақтанған жөн. Короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы вакцина қабылдау. Тұрғындар арасында отбасылық, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру толастамай тұр. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап, тыйым салынған 192 мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылғаны белгілі болды, деген облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов жұртты карантин талаптарын бұзбауға шақырды.


Сарыағашта Жол картасымен іске қосылған жылыжай 600 тонна өнім береді
Мақтаралдықтар биыл 581 гектарда бір алқаптан 2-3 өнім алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу