Сарыағашта Жол картасымен іске қосылған жылыжай 600 тонна өнім береді

Oinet.kz 02-04-2021 409

166882022_517314036097223_4566350243395309014_n.jpg

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Полатов пен «Nur Otan» партиясының өкілдері сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Агротур» шаруа қожалығында болып, жағдайымен танысып қайтты. «Агротур» – Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша бекітілген Жол картасы аясында жүзеге асқан бірнеше жобаның бірі.

«Агротур» шаруа қожалығы 2018 жылы Жібек жолы ауылдық округінде құрылған. Шаруа қожалығының жалпы жер көлемі – 12,85 га. Қазіргі таңда қосымша 2 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені шаруа қожалықтың өз қаражаты есебінен салынуда. Құрылысы биыл қазан айында аяқталып, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деген сенім бар. Мұнда қияр, қызанақ өсіріліп, жылына 600 тонна өнім алынбақ.

 «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында «2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі – 1,3 есе, АӨК-гі еңбек өнімділігі – 2,5 есе, экспорт – 2 есе ұлғайып, өңделген өнімнің үлесі 70%-ке жеткізіледі. Біз өзімізді елімізде өндіретін негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етеміз» делінген. Еліміздегі ең ауыл шаруашылығы дамыған Түркістан облысында бұл бағытта нақты істер атқарылып жатыр.


Сарыағашта Жол картасымен бірнеше жоба жүзеге асты
Түркістан облысының бас санитары вакциналануға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу