Мақтаралдықтар биыл 581 гектарда бір алқаптан 2-3 өнім алады

Oinet.kz 02-04-2021 374

асанов.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен және қадағалауымен жүзеге асып жатқан бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясының тиімділігі шаруаларға кеңінен таныстырылып насихатталуда. Соның бірі –  мақталы өлкеде "Мақтаарал ауданының агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыруда бір алқаптан 2-3 өнім алудың тиімділігі" тақырыбында аудандық семинар өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын жан-жақты дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап көрсеткен болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында Мақтаарал ауданында озық технологияларды ендіріп, өнімділікті арттырудың нақты шаралары қабылдануда.

Семинар барысында аудан әкімі Бақыт Асанов өткен жылы бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясы 328 гектар жерге ендірілсе, биыл бұл көрсеткіш 581 гектарға жеткенін атап өтті.

– 2019 жылы ауданда ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген жалпы өнімнің көлемі 43,1 миллиард теңгені құраса, 2020 жылы 47,8 миллиард теңгеге жетті. Бұл жоғары нәтижеге шаруаларымыз бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясын кеңірек қолданудың арқасында жетіп отыр. Биыл бұл технологияны және де көп жерге ендіре отырып ауыл шаруашылығы көлемін 57,4 миллиард теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Бақыт Насырханұлы.

семинар.jpg

Тиімді технологияны шаруаларға кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аудандық семинар "Сабыр" шаруа қожалығының қырыққабат алқабында өтіп, қожалықтың жеткен жетістіктері басқа да шаруаларға практикалық түрде көрсетілді. Шағыр Кушербаев басшылық жасайтын қожалықтың 9 гектар егістік алқабына қырыққабат дақылы егілген. Оның ішінде 7 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі қолданылған. "Сабыр" шаруа қожалығы тағы 10-15 күнде қырыққабаттан өнімін жинап алуда жоспарлап отыр. Мұның артынан қарбыз, жүгері сияқты т.б. дақылдарды екпекші. Осылайша шаруа бір алқаптан 2-3 өнім алу арқылы мол пайдаға кенелуде.


Түркістан облысының бас санитары вакциналануға шақырды
Түркістан облысында мұқтаж отбасыларға баспана беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу