Мәслихат депутаты әділдік іздеген тұрғынның үйін заңдастырып берді

Oinet.kz 01-04-2021 387

каблдау.jpeg

Түркістан облысында Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты 13 жылдан бері әділдік іздеген тұрғынның үйін заңдастырып беруге ықпал етті. Жуырда «Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде кезекті қабылдауына келген Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылының тұрғыны Шолпан Арапованың осылай оң шешілді.

Қазір құжат мәселесін заңдастыра алмай, бюрократиялық кедергілерге ұшырап жүрген адам көп. Түрлі құзырлы органдардан тауы шағылған сол тұрғындардың біразы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп, мұңын айтады. Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Нұран Маратқа кезекті қабылдауға өтініштері мен арыз-шағымдарын арқалай келген тұрғындардың қатарында Шолпан Арапова да бар еді.

Ш.Арапова 2000 жылы сатып алған үйінің құжаттарын 2008 жылдан бері  заңдастыра алмаған.  Жүгінген мекемелерінен дұрыс жауап ала алмай, әуре-сарсаңға түскен. Сонымен қатар  үйдің арестке қойылғандығы да қоғамдық қабылдау күні анықталды.

Нәтижесінде депутаттың өз құзыреті шеңберінде жауапты мекемелермен байланыса отырып,  істі бақылауға алуы арқылы «Nur Otan»  партиясын арқа сүйеп келген ананың шағымы оң шешілді.  Уайым болған үйінің құжаттары заңдастырылып берілді. Ардақты ана «Nur Otan»  партиясының аудандық филиалына арнайы келіп, партияға және мәслихатқа, депутатқа алғысын айтты.


Farab кітапханасында балалар робот жасауды үйренеді
Түркістандық депутат жүзеге асатын жобаларды тікелей эфирде түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу