Түркістандық депутат жүзеге асатын жобаларды тікелей эфирде түсіндірді

Oinet.kz 01-04-2021 498

жантуреева.jpeg

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Калыйма Жантөреева «Депутатқа сұрақ қой» айдары бойынша тұрғындармен әлеуметтік желіде тікелей эфирде жүздесті. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары алдымен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты  өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Түркістан облысында орындалу барысы туралы жан-жақты түсіндіріп айтып берді. 

Облыстық мәслихат депутаты Калыйма Жантөреева онлайын жүздесуге қатысып отырған тұрағындарға «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты  өмір!» сайлауалды бағдарламасы бойынша бекітілген Жол картасын таныстырды. Аталған бағытта атқарылып жатқан нақты жұмыстардың жайын жұртқа түсіндірді.   

Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасарының айтуынша, бүгінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар әрбір ауданның, қаланың жүйеленген өз даму жоспарына, партиялық бағдарламаға енгізілген. Олардың бірқатарын мысалмен айтып жеткізді.

– Мәселен, қазірдің өзінде Бәйдібек ауданының бірнеше ауылына газ берілді. Сарыағаш ауданында мал бордақылайтын ірі кәсіпорын ашылып, жылыжай шаруашылығы бойынша жоспардағы жобалар іске асырылуда, – деген Калыйма Жантөреева.

Ол Түркістан, Кентау қалаларында да қарқынды қыруар жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Тікелей эфир барысында депутатқа Түркістанды дамыту, Кентау қаласының инфрақұрылымын жетілдіру және өзге де сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.


Мәслихат депутаты әділдік іздеген тұрғынның үйін заңдастырып берді
Түркістан облысында қазанақ пісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу