Farab кітапханасында балалар робот жасауды үйренеді
Елімізде баламасы жоқ Түркістан қаласындағы үш бағытта жұмыс жұмыс жүргізетін Farab кітапханасы көпфункционалды білім беру кешенінде ізденушілерге ең алдымен ескі кітаптардың, қолжазбалар мен құжаттардың мұрағаты ұсынылады. Ал, мұндағы балалар залында оқудан басқа робототехника бойынша сабақтар өтеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке таныстырылым барысында кітапхана жобасын тұжырымдамалық әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Айко Токен айтты.
– Ғылыми-зерттеу тұрғысынан кітапхананың мақсаты – барлық құжаттарды, куәліктерді және басқа да маңызды материалдарды бір жерге жинау. Осыған дейін мұның бәрі әр жерде сақталып келген. Мысалы, 1872 жылы Түркістан үлкен туралы альбом шетел асып кеткен. Онда жергілікті шейхтер мен билеушілерден көптеген заңды құжаттар жинағы болатын. Қазір мұның бәрі Санкт-Петербургтегі шығыстану мұражайында сақтаулы. Құжаттардың үлкен көлемі Ташкентке археология орталығына жеткізілген. Олардың көпшілігі жеке тұлғалардың қолында, олардың бірі зерттеуші Шаховцов болып саналады. Осылайша, көптеген зерттелмей қалған дүниелер жетеді. Жаңа кітапхананың міндеті – бұл құжаттарды бір жерге жинап, оқырмандар мен ғалымдарға қолжетімді ету. Ол үшін барлық ақпарат сандық форматқа ауыстырылады, – деді Айко Токен.
Бұдан бөлек, кітапхана ғимаратында жаңа туындылардың тұсауын кесуге арналған жаңа үлгідегі шығармашылық залы, кәдесыйлар дүкені және кездесулерге арналған жайлы кофехана бар. Мұнда басқосу студиясы- коворкинг, компьютерлік сынып, фото және бейнетүсірілімге арналған мультимедиа залы бар. Бұл – әсіресе блогерлер, фотографтар мен дизайнерлер үшін пайдалы орын болмақ. Кітапханада 3D модельдерін жасауға арналған проекциялық бөлме, каллиграфия және өнер студиясы, қыш құмыра жасауға арналған шеберхана да бар.