Құнды дүниелерді қалпына келтіретін цехы бар кітапхана

Oinet.kz 31-03-2021 385

фараб.jpg

Түркістан қаласында іске қосылатын Қазақстанда баламасы жоқ Farab кітапханасы көпфункционалды білім беру кешені үш бағытта жұмыс атқарады. Соның екіншісі тарихи міндет – ескі құжаттар мұрағатын жинап, сақтау. Үшінші маңызды бағыт – жасанды зердені пайдалана отырып, тарихи кітаптар мен материалдардың үлкен дерекқорын қалыптастыру.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке Farab кітапханасында құнды құжаттарды қалпына келтіретін тотығуға қарсы жабдығы бар арнайы цех таныстырылды. Екінші бағытты жүзеге асыру үшін ерекше жағдайлар мен сыртқы факторларды бақылау қажет. Мамандардың айтуынша, бұл сол мақсатта іске қосылатын Орталық Азиядағы жалғыз цех.

Үшінші маңызды бағытта жұміс істейтін Fab-lab үлкен өндіріс зертханасы болмақ. Бес машинаның қарапайым жиынтығын қолдана отырып, кез-келген адам ойындағы дүниенені, сәндік заттардан компьютерге дейін жасауға толық мүмкіндіктер бар.

фараб-1.jpg

Ұйымдастырушылардың ойынша, Әл-Фарабидің музыка туралы трактатын оқығаннан кейін, адам өз туындысын немесе тіпті музыкалық шығармасын жасауға шабыт алуы мүмкін. Сонда Fab-lab-тағы заманауи технологияларды қолдана отырып, өнер туындысын жарыққа шығарып, тіпті жаңа музыкалық аспапты ойлап таба алады. Ол үшін осында дыбыс жазу студиясы орналасқан. Орталықта би ұжымымен бірге өз қойылымын ойлап тауып, оны осында орналасқан кино-концерт залында көрсетуге немесе атриумда таныстыруға болады. Осылайша, жаңа кітапхана шығармашылық арманның жүзеге асуына толық мүмкіндік береді.

Заманауи білім орталығының жұмысымен танысқан өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді. Қолға алынған жұмыстарды белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.


Сарыағаш тәжірибе алмасу алаңына айналады
Farab кітапханасында балалар робот жасауды үйренеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу