Сарыағаш тәжірибе алмасу алаңына айналады

Oinet.kz 31-03-2021 383

f177e587-de94-4543-aa5e-803a5ea1db56.jpg

Сарыағаш ауданында жыл бойы өнім қыр-сырын үйретіп, тәжірибе бөлісетін Қазақстанда бұрын баламасы болмаған арнайы демостанция салынуда. «Nur Otan» партиясының жол картасы аясында 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында биыл жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тәжірибе станциясының құрылысы аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің бақылауымен жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысындағы барлық жылыжайлардың 35 пайызы орналасқан Сарығаш ауданы – тәжірибе алмасу алаңына айналады. Мұнда өнім алудың көлемін ұлғайтып қана қоймай жылыжай жұмысын жүргізуді меңгерем деп талпынған еңбекқор азаматтардың үйренері көп. Қазіргі таңда екі гектар аумақтағы тәжірибе жасайтын жылыжай  кешенінің құрылысы аяқталған. Алдағы уақытта оның көлемі екі есе артпақ.

Мұнда студенттер мен фермелердің тәжірибе алмасу орталығы мен жер, топырақ құрамына талдау жасайтын зертхана салынатын болады. Голландия селекциялық компаниясының және «Риик Зван Оңтүстік» ЖШС-нің инвестициясымен жалпы көлемі 4 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай және тәжірибе станциясы ашылады. Теңдесі жоқ жобаның негізгі мақсаты – егін шаруашылығы саласында студенттер мен фермерлердің тәжірибе алмасу және жаңа технологиялар енгізу. Жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.


Жолдың сапасын анықтады
Құнды дүниелерді қалпына келтіретін цехы бар кітапхана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу