Жолдың сапасын анықтады

Oinet.kz 22-04-2021 779

Screenshot_14.png

Шымкенттегі Тассай шағын ауданында жаңадан салынып жатқан жолдардың сапасын тексеру жұмыстары жүргізілді. Қала көшелерінің құрылысы жоспарға сай болуын жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мен сыбайластыққа жаны қас «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қатаң бақылауда ұстап отыр. 

Жалпы ұзындығы 1.8 шақырымды құрайтын жаңа жолдар құрылысына мемлекеттен 30 миллион  теңге қаражат бөлінген.  Тассай шағын ауданында орналасқан төрт көшенің құрылыс жұмыстары жоспарға сай орындалуда. Жол сапасына көңілі толып отырған  жергілікті тұрғындар  «бізге тағы  аяқ жол мен арық болса» деп отыр.

«Бізге  балалар үшін мектепке баратын тратуар керек. Мүгедектердің  жүруі үшін де  аяқ жол керек. Көктемде су басып кетеді. сондықтан арық жүргізіп берсе деген тілегіміз бар»,- дейді Тассай елді мекенінің тұрғыны Шойынбай Болат.  

Жоба бойынша бұл жолдар осы жылдың соңында ел игіліне берілуі тиіс. Алайда, ескертілген жерлерге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болса, қолданысқа берілу уақыты біразға созылады. 

«2021 ден 2025 жылға дейін аудан әкімдіктерімен бірлесіп, ұсыныс, арыз шағымдарды жинап отырып, оларды ескеріп, 5 жылға іс-шара жоспарын  бекіткенбіз. Экономика басқармасына бюджеттік өтінім береміз»,- дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Асылжан  Назарбеков. 

Тексеру жұмыстары барысында мамандар арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жолдың енін өлшеді. Қалыңдығын анықтап, беріктігін тексерді. Бұл өз ретінде, асфальт-бетон жабынын төсеуге дейінгі тексерістер болып саналады. Мердігер  ұйымға анықталған олқылықтар бойынша  ескертулер жасалып, кемшіліктердің орнын толтыру үшін уақыт  берілді.

«Бұл біздің 5-ші  рейдтік іс шарамыз. Қазіргі таңда алты кемшілік анықталып отырған. Бірнеше керек сынамасын алып  өз жұмыстарын жүргізеді.  Содан кейін кемшіліктер жазылып 10 күн ішінде мердігер компания тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тағы да қосымша ұсыныстар болса біз жұмыс жасауға дайынбыз»,- дейді «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар.


Қаланың тазалығы - баршаға ортақ міндет
Сарыағаш тәжірибе алмасу алаңына айналады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу