Қауіпсіздік басты назарда

Oinet.kz 18-04-2021 935

Screenshot_16.png

Шымкентте төтенше жағдайды болдырмау, қауіпсіздікті күшейту мақсатында бірқатар цифрландыру жобалары атқарылуда. Атап айтқанда, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі уақытта «PROLIFE» компаниясымен 10 тұрғын үйде улы газ мониторингі бойынша пилоттық режимде ақпараттық жүйе енгізілді. Орнатылған газ есептеуіштің көмегімен Ақмола көшесінде тұратын отбасы аман қалды. Биыл 1851 әлеуметтік осал топтардың үйіне аталған құрылғыны орнату жоспарлануда.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қалада жылу беру маусымы өткен жылдың 15 қыркүйегінен басталып, 5 сәуірде тоқтатылды. Осы уақыт аралығында улану фактілері азайғаны байқалып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға төмендеген. Бұл – үгіт-насихаттың нәтижесі. Яғни, мөлтек аудандарда жалпы саны 308 210 адам қамтылған 73 068 үйге түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар 11 245 адам қамтылған 192 жиын ұйымдастырылып, арнайы әзірленген жадынамалар таратылған. Оған қоса қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғын үй секторларын аралау арқылы екі отбасыны улы газдан құтқарып қалды.

Төтенше жағдайға қатысты тағы бір жоба – өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейінің мониторингі бойынша датчиктер орнату. Бүгінгі таңда «CifrON» компаниясымен «Бадам» өзенінде, «Бадам» және «Тоғыс» су қоймаларында су деңгейін қадағалау үшін мониторинг датчиктері пилоттық режімінде орнатылып, қоймаларындағы судың толтырылуын бақылауда.

Пилоттық режимнің мерзімі аяқталуына байланысты Шымкент қаласының төтенше жағдай департаментінен нәтижесі сұратылып, оң баға берілді. Жобаның құны – 1 954 000 теңге.


Қоғамдық көлік жүргізушілері оқытылуда
10 сәуірге дейін толық аяқталатын жұмыстар Шөкеевтің бақылауында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу