Түркістан облысында КВИ ауруларын анықтаудың аралас түрі енгізіледі

Oinet.kz 29-03-2021 368

481582c6-b75f-4a2f-bda1-6a1fb2ddf0f5.jpg

Түркістан облысында ПТР тестілеумен қатар КВИ ауруларын диагностикалаудың аралас түрлерін енгізу ұсынылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды.

Коронавирусқа ұқсас ауруларға, атап айтқанда, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға ерекше назар аудару қажет. Барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың белсенді өсуі байқалатындықтан, Түркістан облысында ПТР тестілеумен қатар КВИ ауруларын диагностикалаудың аралас түрлерін енгізу ұсынылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында Ахуалдық-талдау орталығы тарапынан Covid-19 байланысты эпидемиологиялық жағдайы, мобильді топтар қызметінің тиімділігі және жыл басынан бері Түркістан облысындағы жалпы криминогендік жағдайға талдау жасалды. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының ахуалдық-талдау орталығының басшысы баяндады.

Мәжілісте ПТР тестілеумен қатар коронавирусты диагностикалаудың аралас түрлерін енгізу арқылы халық арасында қауіпті індеттің өсуінің нақты көрінісін анықтауға болатындығы айтылды. Ол үшін ауруды анықтаудың әртүрлі жолдарын қолдану ұсынылды. Атап айтқанда, медициналық мекемелерде компьютерлік томография әдісі мен рентген және қан сараптамалары секілді диагостика түрлері қосымша тексерілетін болады.

Сондай-ақ, мобильді топтардың жұмысының тиімділігі мен аудандарда COVID-19 инфекциясы мен коронавирус белгілері бар пневмонияның таралуы арасындағы байланыс көрсетілді. Нәтижесінде ұсынымдар шығарылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына аталған талдау қорытындысын негізге алып, әрекет етуді тапсырды.


Түркістан облысында мелекеттік сатып алулардың 90 пайызы жергілікті өндірушілерге тиесілі
Түркістан облысы "жасыл аймақта"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу