Түркістан облысында мелекеттік сатып алулардың 90 пайызы жергілікті өндірушілерге тиесілі

Oinet.kz 29-03-2021 375

7977ad72-c9b7-44a1-b538-fa19571bf046.jpg

Түркістан облысында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық жергілікті қамту көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90 пайызы құралуы тиіс. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды.

Жиында «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде тұрақты және уақытша құрылатын жұмыс орындары мен әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары баяндалды. Жол картасы шеңберінде 34 инфрақұрылымдық жоба бекітілген. Жаңа талаптарға сәйкес жоба аяқталған соң тұрақты жұмыс орындарын құру міндеттелді. Сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық жергілікті қамту көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90 пайызы құралуы тиіс. Облыс басшысы тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізіп, межелі көрсеткіштердің толық орындалуын міндеттеді.

Мәжілісте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бекітілген іс-шаралар баяндалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу мақсатында, ірі сауда орындары мен дүкендерімен және әмбебап базарлармен бағаны негізсіз өсірмеу бойынша облыс көлемінде 1088 меморандум түзілген. Мобильдік топтар Түркістан облысындағы мыңнан астам сауда орындарына рейдтік шаралар жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын негізсіз көтермеу жөнінде 752 кәсіпкерге ескертулер мен нұсқамалар берілген.


Шөкеев елді мекендерді газбен қамтуды тездетуді тапсырды
Түркістан облысында КВИ ауруларын анықтаудың аралас түрі енгізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу