Биыл Шымкентте 25 мың оқушы мектеп табалдырығын аттайды

Oinet.kz 13-04-2021 1079

Screenshot_2.png

Демографиялық өсімі жоғары үшінші мегаполисте жыл санап мектеп табалдырығын аттайтын балалардың да саны артып келеді. Осыған орай Шымкент қаласында мектеп тапшылығы мәселесі оңынан шешіліп келеді. 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа болжам бойынша 25 000-ға жуық оқушы қабылдау жоспарланып отырған көрінеді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қала әкімі Мұрат Әйтеновке  «ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2021 жылдың I тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша есебінде мәлімдеді. 

Басқарма басшысының айтуынша Шымкент қаласындағы 186 мектепте 226 679 оқушы білім алуда. 2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында 22 мектеп (8 467 оқушы) штаттық режимде, аралас форматта 188 333 оқушы (83,1 %) ата-аналардың өтініші негізінде қашықтықтан 29 745 (13,1%) оқытылуда. 

Оқушылардың 4-тоқсанды қорытындылау бойынша айтып өткен басқарма басшысы 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіргелі отырғанын жеткізді. 4 наурыздан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу алғаш рет компьютерлік форматта app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Компьютерлік форматтағы ҰБТ – әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы жүргізілетін тестілеу, яғни бір компьютер – бір камера принципі бойынша. Тестілеу«бір компьютер – бір камера» принципі бойынша компьютерлермен жабдықталған U-STUDY тестілеу орталығында өтеді. 

Ал, қалада 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден бастап, 1 тамызға дейін болып белгіленген. Құжатты қабылдауға өтініш беру E-gov электронды порталы немесе Sakura24.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 2 076 оқушы 1-сыныпқа қабылданып отыр. Оның ішінде 412 бала E-gov электронды порталы арқылы, 1664 бала Sakura24.kz сайты арқылы қабылданған. Қаладағы үш ауысымда білім беретін, бала сыйымдылығы 35-40 болған  бірқатар мектептерде оқушыларды қабылдауға шектеу қойылғанын жеткізді. 

Қала әкімі Шымкенттің онлайн оқытуда республикада алғашқы орыннан көрінген айта келіп, басқарма басшысының жұмысына оң баға берді. Сонымен бірге, жаңа оқу жылына пайдалануға берілетін мектептерге білікті ұстаздарды тартуды тапсырды.


Ауылшаруашылық саласында инвест жобалар көп
«Шымкент сити»-де көшеттер отырғызылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу