«Шымкент сити»-де көшеттер отырғызылды

Oinet.kz 13-04-2021 1172

Screenshot_3.png

«Шымкент Сити» шағынауданында «Таза табиғат» акциясы аясында «Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Азаматтық Альянс» қауымдастығы мүшелері тарапынан ағаш көшеттерін отырғызу шарасы өтті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды бірлесіп көгалдандыру туралы тапсырмасын негізге ала отырып өткізілген игі шараға Шымкент қаласы Қаратау әкімдігі мен "Nur Otan" партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері атсалысты. 

Экологиялық акция барысында Жұмағали Білісбеков бастаған «Азаматтық Альянс» мүшелері, Эльмира Созақбаева жетекшілік ететін Шымкент қаласының Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері және Y-Peer еріктілері қатысып, жалпы 100-ден астам көшет отырғызылды. 

Айта кетейік, бұған дейін қаланы көгалдандыру стратегиясының жобасы жасалған болатын. Онда саябақ пен гүлзарларды абаттандыру, ескерткіштер, ағаш көшеттерін өсіру, құрылыс және қайта жаңарту секілді негізгі мәселелер қарастырылған. Стратегияға сәйкес, 8 негізгі саябақты қайта құру жоспары дайындалған. Одан бөлек 39 гүлзар абаттандырылады. Қала аумағындағы ескерткіштерді де ретке келтіру, Қошқар ата өзені маңындағы балалар бассейнін қалыпқа келтіру де жоспарға енгізілген. Жобаға сай 8,2 гектар аумаққа 1 миллион түп ағаш көшеттері өсіріледі. Әр ауданнан 10 гектар жер бөлініп, жалпы 40 га аумаққа жасыл аймақ құру көзделіп отыр. Оларға суару жүйелері де орнатылады. Шымкент қаласында жасыл белдеуді дамыту мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген. Осыған орай ағаштарды электрондық есепке алу жүйесін енгізу мен аудандар бөлінісінде қала бойынша түгендеу жүргізу қолға алынады. 2025 жылға дейін Шымкентте жасыл аймақты 21544 га дейін ұлғайту жоспарланған. Онда 6,5 млн. дана ағаш-бұталар өсірілетін болады. 


Биыл Шымкентте 25 мың оқушы мектеп табалдырығын аттайды
Жылына 4500 тонна иірімжіп өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу