Ауылшаруашылық саласында инвест жобалар көп

Oinet.kz 13-04-2021 1087

Screenshot_1.png

Инвестиция бойынша елімізде алдыңғы орында келе жатқан үшінші мегаполисте ауылшаруашылық саласында да бірқатар жобалар іске асырылуда. Айталық ағымдағы жылы құны 16,3 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ретте 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбеков жыл басынан бергі үш айлық жұмыстарын баяндаған есебінде айтты. 

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласына 16,3 млрд теңге қосымша инвестиция тартылмақ. 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарланыпты. Сонымен қатар, 71,7 мың тонна өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріледі деп күтіулде. Атап айтқанда  бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша, картоп, жеміс. 

Сонымен қатар, биыл аумағы 18 гектар жылыжай кешенін (4,8 млрд теңге) құру, 241 гектарды құрайтын босалқы жерлерге алма бауын егу бойынша 3 жоба (4,7 млрд. теңге), 1700 бас ірі қара мал бордақылайтын он жоба (685 млн. тг.) және тағы басқа өндіріс өндіріс орындары ашылады дейді басқарма басшысы.

Нәтижесінде, жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді деп болжанып отыр.


40 мектеп жеке инвестор есебінен салынады
Биыл Шымкентте 25 мың оқушы мектеп табалдырығын аттайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу