Түркістан облысының депутаттары мандаттарынан бас тартып жатыр

Oinet.kz 30-08-2018 938

20160829_170217.jpg

ОҚО мәслихатының тікелей мұрагері болып табылатын Түркістан облыстық мәслихатының 6 депутаты мандатын тапсыру туралы арызын жазды. Олар лауазымды шендерінен бас тартқан. Бұл туралы аппарат басшысы Керімхан Қадырбеков мәлімдеді.

"Облыстық мәслихатқа Шымкент қаласынан сайланған 14 депутаттың сайлау округтері Шымкент қаласының аумағында қалып қойды. Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Дәл қазіргі уақытта шымкенттік депутаттар арызын жазып, мандатын тапсырамын десе, қарсылық жоқ.

Депутаттық өкілеттігімді ары қарай жалғастыра беремін десе де заңға қайшы келмейді. Себебі осындай жағдайда не істеу қажеттігі заңда нақты көрсетілмеген" , – деді аппарат басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде облыстық мәслихатқа Шымкент қаласынан сайланған алты халық қалаулысы депутаттық мандатын тапсыру жөнінде арызын тапсырды. Бірақ аппарат басшысы олардың нақты аты-жөндерін атамады.

"Рейтинг" газеті

Керімхан Қадырбеков: «Шындық бар екен»
Хибратулла Досқалиев: «Әзірге ешқандай қызметте жоқпын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу