Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кәсіби қолдау көрсетіледі

Oinet.kz 11-11-2019 859

5dc8d4d513eb4.jpg

Әсия Құралқызы

Түркістанда жұмыссыздық жаппай жою қала әлеуметін арттыруға деген алдыңғы қадамдардың бірі. Осы мақсатта халықты жұмысқа орналыстыру, кәсіби қолдау көрсету қажет. Мемлекет қазірде осы проблемаларды бір қалыпқа келтіруге барынша ықпал жасауда. Мәселен 020 жылдың көктемінен бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 3 бизнес-процессін Портал арқылы алу мүмкіндіктері қарастырылуда. Осы туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтып өтті. 

Түркістанда жалпы 93 мың мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр. Бұл көрсеткіш Түркістан халқының 4,7 %-ын, республика аумағының 13,4 %-ын құрайды. Осыған байланысты 2020 жылдан бастап әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары жүргізілетін болады. 

«Біздің негізгі мақсатымыз – оларды белсенді қоғам өміріне тарту. Осы мақсатта мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қорғаудың және қолдаудың кешенді шаралары қарастырылып отыр. Оның ішінде жәрдемақылардың 4 түрі (жалпы және кәсіби аурулар, еңбекте мертігу, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен бері мүгедек жандар), қызметтер мен оңалту құралдарын, санаторий-курорттық емдеуді, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну», - деді Әсия Құралқызы. 

Басқарма басшысының айтуынша, аталған мәселелер алдағы уақытта әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы шешілетін болады. Портал оңалту құралдары мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқартуға және олардың сапасын арттыруға бағытталған. Порталды енгізу нәтижесінде тауарларға үлкен таңдау, оңалту құралдары мен қызметтер нарығына теңдей қолжетімдік қамтамасыз етілмек. Мемлекеттік қызметтердің сапасы өседі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырмайды. 

«2020 жылдан бастап 5 бизнес-процесстің 2 түрін порталға ауыстыру жоспарланып отыр. Олар: арнаулы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының ішінен 24 түрімен қамтамасыз ету. 2020 жылдың көктемінен бастап қызметтердің қалған 3 бизнес-процессін Портал арқылы алу мүмкіндіктері қарастырылуда (санаторлық-курорттық,жеке көмекшімен ымдау тілі маманының қызметтері)», - деді Әсия Темірбаева. 

Порталды енгізудің ерекшеліктері: қызмет алушының жеткізушілермен делдалдарсыз тікелей өзара әрекеттесуі; жеке қажеттіліктердің есепке алынуы; тауарлардың кең таңдауы; оңалту құралдары мен қызметтері нарығына тең қолжетімділік; мемлекеттік қызметтердің оңтайландырылуы және автоматтандырылуы; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингін күшейту.

Түркістан: Көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде
Түркістандық оқушыларға сертификат табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу