«Менің кәсібім» түркістандықтарға қол созды

492c0bfc-816c-4969-aae9-ecee6ec32122.jpg

Қазақстанның барлық өңірлерінде аз қамтылған, көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталған "Менің кәсібім" атты жобасы іске қосылды. 

«Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасынан Түркістан қаласының халқы да тыс қалмады. Үкімет басшысының тапсырмасымен биыл қыркүйек айынан қолға алынған бастама Алматы облысынан жол тартқан болатын. Ал, соңғы бір жарым апта ішінде Бәйдібек, Отырар сынды өңірдегі бірқатар аудандармен қатар, Кентау қаласын аралап үлгерген. Бір жыл бойы жүзеге асатын республикалық жобаны кәсіпкерлер қаржыландырады. 

«Бұл жобаға әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, яғни күнкөріс деңгейі төмен немесе үйінде мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған, асыраушысыз қалған отбасылар өтініш қалдыра алады. Бұл жобаның басты ерекшелігі – ешқандай құжат талап етілмейді. Бастысы - біздің көрсеткен көмегімізді әрі қарай жандандырып, жағдайларын жақсартса деген ниетіміз бар, - деді жоба авторы Айжани Нұрланова. 

Жұмысын енді бастағалы тұрған кәсіпкерлердің алдағы істері бей-жай қалмайды. Яғни қала, аудан әкімдіктері мен әлеуметтік сала қызметкерлері олардың әр қадамын қадағалап отырады. Жасаған дүниелерінің дүкендерде сатылымға шығуына көмектесіп, жарты жолда тастап кетпес үшін дем беріп отырады.
Жобаға қатысушыларға құрал-жабдықтар үшін ақшалай емес, заттай дүниелер беріледі. Ұйымдастырушылар облыс және қала әкімдігінің қолдауымен өңірдегі 70-ке жуық отбасыға демеушілік танытып отыр. Мәселен, Отырар мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде тұратын Абдулла Суннатуллаевқа массаж жасауға арналған кереуетпен қатар, барлық қажетті жабдықтар берілді. Ол бұл кәсібін өз пәтерінде жандандырмақ ниетте. Адамдардың дертіне шипа беріп, алғысын алуды көздеп отыр. Сонымен қатар, қаладағы жалпы саны 16 отбасыға тігін, нан және тәтті тоқаштар, сандық жасау мен құрылысқа қажетті заттар үлестірілді.

527fd0b4-309c-41bd-a6f3-c4a850d8dd72.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мейманхана туристер үшін қызмет етеді
  • Туристер қызмет көрсету үлгісіне дән риза
  • Қаланың әлеуметін арттыруға тамақ кәсібі ықпал етеді
  • Шәйхана қонақтар үшін өзіндік стилімен ерекше
  • Мейрамханалар жылдан-жылға жаңаруда
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика