Биыл Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл!

Oinet.kz 12-12-2022 456

Бәйдібек ауданындағы рталық кітапхананың оқу залында Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың қаһарман қызы» атты тақырыптық кеш өтті.

Screenshot_50.jpg

Мұнда «Қазақтың қайсар қызы Мәншүк» тақырыбында арнайы жасақталған кітап көрмесі шараға қатысушы оқырмандарға таныстырылды. Шараның мақсаты ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі аңызға айналып, тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан, қазақтың қайсар да батыр қызының Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі, өнеге ету жастарға Батыр қыздың өнегелі өмір жолы мен қайсарлығын дәріптеу, олардың бойында патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Мәншік Мәметова туралы деректерде оған «Батыр» атағы 1944 жылы 1 наурыз күні берілген деп көрсетілген. Бүгінгі қайсар, қазақ қыздарының шын бейнесі – Кеңестер Одағының Батыры Мәншүк Мәметова. Ол Батыс Қазақстанның қазіргі Орда ауданында дүниеге келген. Тарих бетіне өзінің батылдығымен өшпестей ізін қалдырған. Бір айқаста бір өзі 70 немісті өлтірген, бүгінгі қазақ қызы Мәншүк Мәметова болды.

Сұрапыл соғыс ұмытылғанмен, қазақтың ер қызы Мәншүк батыр есімі ұмытылмақ емес.

Сырласу кеші
Келестегі әжелер ән салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу