Сырласу кеші
Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапханасында «Келбет жобасы» аясында Мәдениет үйінің әртісі, нағыз талант иесі, сахнада бірнеше жылдар бойы тер төгіп еңбек етіп келе жатқан мәдениет саласының үздігі, әрі режиссер, ауданда және облыс көлеміндегі барлық мәдени іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүрген, өнерді ерекше бағалайтын жан Қосаева Үрлайым Ордабекқызымен «Қазығұрттың Розасы – өз мамандығының хас шебері» атты сырласу кеші болып өтті.
Кешке Қосаева Үрлайым және әріптестері Тантабаева Мейрамкүл, Олжабаева Жанат, ОКЖ директоры Г.Даулетбаева, ОКЖ директорының орынбасары Р.Айтубай, Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары мен кітапханашылар қатысты.
Кеш барысында Үрлайым Ордабекқызы - өмірі, еңбек жолы, отбасы жайында сырласып, қызықты естеліктерімен бөлісті. Мәдениет үйінің әртістері М.Тантабаева, Ж.Олжабаевалардың қатысуымен М.Шерімнің "Құттықтаймыз, қашып келді" атты интермедиялық қойылымнан үзінді көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш ән шашумен жалғасты.
Іс-шара соңында ОКЖ директоры Г.Даулетбаева ыстық лебізін білдіріп, естелік сыйлықтарын тарту етті.